Атырауда сарышаян шаққан 23 адам "жедел жәрдем" қызметіне жүгінді

Атырауда сарышаян шаққан 23 адам "жедел жәрдем" қызметіне жүгінді
Сурет: Sn.kz

Сарышаяннан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді

Атырау қаласында сарышаян шаққан 23 адам "жедел жәрдем" қызметіне жүгінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айы басталғалы бері 103 қызметіне 23 шақырту түскен.

«Жедел жәрдемге 1-19 қазан аралығында Атырау қаласындағы шағын аудандарда жеке үйлерде тұратын тұрғындар шағымданған. Сарышаяннан зардап шеккендерге "жедел жәрдем" бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Шағымданушының жағдайына байланысты стационарларлық емдеуге жатқызу жүргізіледі. Әдетте, мұндай жәндіктен зардап шеккендер дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында болады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір облыстық балалар ауруханасы мен облыстық ауруханаға сарышаяндар шаққан науқастар түспеген. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жеке үйлердің ауласын сарышаян қаптаған болатын.