Атырауда науқастың өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты

Атырауда науқастың өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты
Cурет: Ашық дереккөз

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 8 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндірілді


Атырауда кәсіби міндеттерін дұрыс орындамаған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Құрманғазы аудандық стационардың инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматологі 2020 жылдың аяғында «пневмония» және қант диабеті диагнозымен ауруханаға түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген. Ақ халаттылардың кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы салдарынан науқас қайтыс болыпты. Күдіктілердің кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген. Сот үкімі бойынша дәрігерлерге 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бірақ рақымшылық жасау заңына сәйкес олар темір торға қамалмайды. Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 8 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндірілді.

«Сотталушыларға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындай отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылдық жасау жөніндегі заңның негізінде олар бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды»,-деді Құрманғазы аудандық сотының судьясы Бейбітгүл Меңсейітова.