Атырауда көпқабатты үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Атырауда көпқабатты үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды сурет: polisia.kz

Өрт шатырдан шыққан.


Атыраулық полицейлер өртке оранған көп қабатты үйден 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында атыраулық полиция қызметкерлеріне 101 өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көп қабатты пәтерлердің шатыры өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама бойынша полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев аталған мекенжайға 4 минутта жеткен.

Кейін 9-шы қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің балконына өтіп, пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердегі өртті ауыздықтап, 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.

Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10