Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды Сурет: Qyzylqoga.kz

Ойыл өзенінде су деңгейі көтерілді.


Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілгені себеп болған. Бұдан бұрын Ойыл суының көтерілуіне байланысты бөгет салынғанын жазған болатынбыз. Кейін ауылды су тасқынынан қорғау үшін көлік жолы жырылды.



«Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтіп, Ойыл өзенінің арнасынан тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 8(71238)2-17-84, 101, +7 7771935380 Call-орталыққа қоңырау шалуға болады», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.



Қазір аудан орталығы Миялыдан Жангелдин ауылына қатынайтын жол жабылды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі. Аудан орталығын су тасқынынан қорғау мақсатында 300 тонна топырақ, құм толтырылған 500-ден астам қап қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48