Атырау облысында 150-ден астам адам эвакуацияланды

Атырау облысында 150-ден астам адам эвакуацияланды
Сурет: видеодан алынды
Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғын моторлы қайықтардың көмегімен эвакуацияланды. Сондай-ақ таңнан бері Көздіқара елді мекенінен тағы 30-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданында тасқын су айналма жолды шайып кетіп, бір шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады.

"Қазіргі таңда су полициясының қызметкерлері ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықпен жеткізіп жатыр", делінген хабарламада.