Атырау дәрігерлері 15 келі ісікті алып тастады

Атырау дәрігерлері 15 келі ісікті алып тастады сурет: 9mesyacev.com

Қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасалды.


Атырау дәрігерлері науқасқа күрделі ота жасап, 15 келі ісікті алып тастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Атырау облыстық Онкология диспансерінде қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасалды. Дәрігерлер отаға дейін науқасқа ретроперитонеум саркомасы диагнозын қойған.



«Онкология диспансеріндегі күрделі отаны жасаған хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Шәмшенов пен облыстық кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мәдешев жасады. Хирургтерге ассистенттер Мерей Қазғалиев пен Мақсат Туғанбаев, Мейрамгүл Игібаева, анестезиолог Алиакбар Имаматдинов көмектесті», - деп хабарлады диспансерден.



Науқасқа жасалған күрделі ота ортаңғы лапаротомия деп аталады. Хирургтер анастомоздарды қою арқылы науқастың денесінен бірнеше ісікті алып тастаған. Оның ішінде сыртқы мықын артериясы мен сол жақтағы несепағардың төменгі үштен бір бөлігін резекциялау арқылы алынған үлкен ретроперитонеальды ісіктер бар. Ең үлкен ісіктің салмағы – 15 келі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26