Атырау-Астрахань тасжолының 9 шақырымы пайдалануға берілді

Атырау-Астрахань тасжолының 9 шақырымы пайдалануға берілді
inbusiness.k

Атырау-Астрахань автожолының (824-833) шақырым арасы көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау – РФ шекарасы (Астрахань) автожолының Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 217 шақырымды құрайды. Тасжол 4 учаскеге бөлінген. Оның алғашқы (824-833 шақырым арасы) 9 шақырым құрайтын бөлігінің төменгі қабат жабындысы арқылы көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Жол төсемінің ені – 9 метр, қалыңдығы – 57 сантиметр. Жоба аясында 220 маман мен 163 арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ жолдың бойында орналасқан елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, республикалық маңызға ие "Атырау-Астрахань" тас жолы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы басталды. 2023 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.