"Атырау - Алматы" пойызында қыз бала өмірге келді

"Атырау - Алматы" пойызында қыз бала өмірге келді
Сурет: Ашық дереккөз

Жолсеріктер жүкті әйелді босандырып алды

№29/30 бағытындағы "Атырау - Алматы" жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атыраудан Шымкентке бағыт алған жас ананы жолда толғақ қысқан. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады, деп мәлімдеді "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.

Сағат 21:52-де сәби дүниеге келді.

"Нұсқаулыққа сәйкес, жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз  машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға "жедел жәрдем" көлігін шақырды", - делінген хабарламада.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда, сәбиді анасымен бірге "жедел жәрдем" қызметкерлері қарсы алды.