Атып алған аюмен суретке түскен адам ұсталды

Атып алған аюмен  суретке түскен адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты

Жетісу облысының полицейлері атылған аюмен суретке түскен ер адамды анықтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді. 

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық істі тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.