«Атамның өлеңіне ән жаздым»

Қажымұқан–150

 Балуанның тікелей ұрпағы, композитор Бақытжан Қажымұқановпен тілдесудің сәті түскен еді.

– Менің әкем Жанәбіл – балуан бабамыздың ең кенже баласы.  Әкемнің 9 айлығында атамыз Қажымұқан 77 жасында қайтыс болыпты, – дейді Бақытжан. – Содан менің әжем, әкемнің анасы Бибіжан кішкентай сәбиімен сол босағада  қалып қояды. Атамның үлкен әйелі Мінәйім әжеміз де бір шаңырақтың астында бірге тұрады. Кейін үлкен кісілер Бибіжан әжемді Мәмеш деген  туысқан атамызға  қосады. Осылайша ол кісі өз балалары мен менің әкемді де бірге өсіреді.  Балаларының ең кішісі болғандықтан шығар, Қажымұқан  атам қайтыс боларында ауылдың үлкендерін жинап, «осы Жанәбіл балам ауылда қалып қоймаса екен. Мектепті бітірісімен Алматыға оқуға жіберіңдер» деп қайта-қайта аманаттап кетіпті.

Кейіннен Денешынықтыру және спорт институтының басшылығы да    «Қажымұқанның баласы бізде оқитын болды» деп қуана қабылдайды. Негізінен, біздің  туыстарымыз Темірланда тұрып жатыр. Атамның бейіті де сонда. Кезінде атамнан қалған біраз жәдігер бар еді, халықтың қажетіне жарасын деп мұражайға өткіздік. Сәуірдің 7-сі күні басына барып, Құран бағыштағалы отырмыз. Атам туралы белгілі режиссер Қанағат Мұстафин «Қажымұқан» атты көркем фильмнің түсірілімін аяқтап қалды. Бұл фильмге мен де түстім. Атамның өлеңіне ән жазған едім. Ішінде  атамның  «Мен едім Қажымұқан көштен асқан, «орыстың балуаны» атанып, 12 жыл бойы 24 патшаның жерін басқан» деген сөздері бар.

Рая ЕСКЕНДІР

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close