Атақты Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Атақты Криштиану Роналдудың табысы қанша?
Сурет: Mk.ru

«Forbes» журналы ең көп жалақы алатын спортшылар тізімін жариялады.

Көшбасында португалдық футболшы Криштиану Роналду тұр. Ол соңғы бір жылда 136 миллион доллар табыс тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ол «Аль-Наср» футбол клубынан 46 миллион доллар, жарнамалық және демеушілік келісімшарттардан 90 миллион доллар алады.
Ал Месси табысы бойынша 130 миллион доллармен екінші орында.
«ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Форбс тізімінде 120 миллион доллар табыс тауып, үшінші сатыға жайғасты. Бұл ондыққа футболшылардан бөлек, баскетболшылар, гольфшылар және боксшы Сауль Альварес енген.