Асқар Мамин Орталық Азияның дамуы жолындағы үлесі үшін ЕО елдеріне алғыс айтты

Асқар Мамин Орталық Азияның дамуы жолындағы үлесі үшін ЕО елдеріне алғыс айтты
Сурет: Turkystan.kz

Еуропалық одақ Орталық Азия өңіріне 110 млрд еуродан астам инвестиция салды. Бұл туралы Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Орталық Азия елдері тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде осы форумның ұйымдастырылуы символдық мәнге ие. Осы мерзімде біздің елдердің қол жеткізген прогресі ұлттық экономикаларды дамыту мен адамдардың өмір сапасын көтеру тұрғысынан алып қарағанда шын мәнінде ауқымды болып отыр. Осы орайда бұл өрлеудегі елеулі үлес қосқан еуропалық серіктестерге алығысымды жеткізгім келеді», - деді Асқар Мамин.

ҚР Үкімет басшысы соңғы 10 жылда Еуропалық одаққа мүше елдер өңірге 110 млрд еуродан астам инвестиция салғанын жеткізді. Бұл өз кезегінде өңірге келіп түскен тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемінен 40 пайызға жуық үлесін құрап отыр.