Асқар Мамин Ақылбек Жапаровқа құттықтау жолдады

Асқар Мамин Ақылбек Жапаровқа құттықтау жолдады
Сурет: Gov.kg

Құттықтауға себеп – Ақылбек  Жапаровтың Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы қызметіне тағайындалуы.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақылбек Жапаровқа Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы қызметіне тағайындалуына байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құттықтау хаты Қырғыз Республикасы Үкіметінің сайтында жарияланды.

Қазақстан Премьер-Министрі бірлескен күш-жігер республикалар арасындағы қатынастардың барлық спектрінде өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

«Екі мемлекет арасындағы дәстүрлі түрде бауырластық пен тату көршілік принциптеріне негізделген өзара тиімді және сындарлы ынтымақтастық біздің ел халықтарының негізгі мүдделеріне сәйкес келеді», - деді ол.

Асқар Мамин Ақылбек Жапаровқа мықты денсаулық, бақ-береке және мемлекет игілігі жолындағы қызметінде сәттілік, ал қырғыз халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.