Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.
«Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», — деп жазды Мемлекет басшысы.