Асу Алмабаев ережесіз жекпе-жектен жеңіске жетті

Асу Алмабаев ережесіз жекпе-жектен жеңіске жетті
Сурет: Рrosports.kz

Жеңісті сәт!

Brave CF 53 турниріндегі жекпе-жекте отандасымыз Асу Алмабаев Александр Доскальчукті айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жерлесіміз екінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіске ие болды. 

Арнайы назарларыңызға Brave CF 53 турниріндегі қазақстандық Асу Алмабаев (12-2) пен украиналық Александр Доскальчуктың (10-2) жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз.