Асу Алмабаев Brave CF 57 турнирінде әзірбайжандық файтерді жеңді

Асу Алмабаев Brave CF 57 турнирінде әзірбайжандық файтерді жеңді
Cурет: Prosports.kz

Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (14-2) Бахрейнде аралас жекпе-жектен Brave CF 57 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жеңіліп көрмеген әзірбайжандық Имран Магарамовпен (4-0) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Асу жеңіске жетті.

Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дағы кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Имран Магарамов алғашқы жеңілісіне ұшырады. Алмабаев үшін бұл қатарынан он бірінші жеңіс екенін айта кетейік. Бахрейндік Хамза Коеджи (11-2) және канадалық Брэд Катона (10-2) Brave CF 57 турнирінің басты айқасында шайқасады.