Астық бағасы қанша болмақ?

Астық бағасы қанша болмақ?
Сурет: Оir.mobi

Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды. Соның арқасында Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен толықтай есеп айырысу үшін Азық-түлік корпорациясы бидай сатып алу бағасын 3-сыныпты бидай үшін сапасына қарай 103-107 мың теңге аралығында, 4-сыныпты бидай үшін 98 мың теңге, 2-сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде белгіледі.

Оның айтуынша, Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағалары ішкі нарықтағы ағымдағы бағаларға сәйкес келеді. Бұл фермерлердің шығындарын саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін рентабельділік деңгейімен өтеуге мүмкіндік береді.

«Әдеттегідей, Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы келісімшарттар жасасу кезінде бағдар болып саналады. Осылайша әділ баға белгілеу астық бағасының күрт ауытқуын болдырмауға мүмкіндік бермек», - деді Ербол Қарашөкеев.