Астананың 25 жылдығы қалай атап өтіледі?

Астананың 25 жылдығы қалай атап өтіледі?
Сурет: Ult.kz

Бұл туралы Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры мәлім етті.

Мемлекеттік академиялық филармония Астананың 25 жылдығына ашық аспан астында көптеген фестивальдер мен іс-шаралар жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Домбыра күніне орай Құрманғазының 200 жылдығына арналған филармония шеруі өтеді, Елорда күніне арналған ауқымды музыкалық фестиваль ұйымдастырылады, оған филармонияның барлық ұжымдары мен шақырылған жұлдыздар қатысады, сондай-ақ «Астана дауысы» фестивалі, Манарбек Ержанов атындағы республикалық байқау, алғаш рет ашық «Заманауи би фестивалі» республикалық телевизиялық жобасы және тағы да көптеген шаралар өткізіледі»,– деді ол.