Астаналық ТЖД басқарма басшысы күдікке ілінді

Астаналық ТЖД басқарма басшысы күдікке ілінді
Сурет: Inbusiness.kz

«Антикор» тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

ТЖД басқарма басшысы Орталық стадионды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін 5 миллион теңге пара алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.   

«Антикоррупциялық қызмет Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», - деп жазылған «Антикор» хабарламасында

Сондай-ақ, тергеудің жалғасып жатқандығы, ал өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіндігі жазылған. 

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.