«Астанаға» техникалық жеңіліс тіркеле ме?

«Астанаға» техникалық жеңіліс тіркеле ме?
Сурет: Рrosports.kz

...Әлі нақты емес

ҚПЛ 2-туры аяқталысымен, Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Екінші турдан кейін барлық мәселелер біріктіріліп, олар бойынша шешім шығарылады. Оның ішінде «Астана» - «Шахтер» матчында болған оқиға да бар», - делінген ҚКФЛ сайтында.

Айта кетейік, ҚПЛ 1-турындағы «Астана» - «Шахтер» матчында елордалық команда сапында бір мезгілде жеті легионер болды, бұған ҚФФ ережесімен тыйым салынған.

Ереже бұзғаны үшін нұр-сұлтандық клубқа 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілуі мүмкін.