Астанадағы Әзірбайжан Президенті еккен шырша қайда кетті?

Астанадағы Әзірбайжан Президенті еккен шырша қайда кетті?
akorda.kz

Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Гейдар Әлиев көшесінің бойына Әзірбайжан Президенті келген кезде егілген шыршаның неге қайта қазылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік өкілінің айтуынша, шырша көшеттерінің қайта қазылғаны рас. Бірақ ол шыршалардың орнына басқа ағаш егілген. Мұндай кеңесті оларға агрономдар берсе керек.

«Әзірбайжан Республикасы Президентінің ресми сапары аясында Гейдар Әлиев көшесі салтанатты түрде ашылған болатын. Бұқар жырау көшесінің Гейдар Әлиев көшесімен қиылысқан тұсында бес шырша отырғызылды. Кейін агрономдар бізге бұл шыршаларды қылқан жапырақты ағаштардың өсуіне әлдеқайда қолайлы орынға – Ботаникалық бақтағы Әзірбайжан Президенті өз қолымен еккен ағаштан 100 метр жерге ауыстырылды. Ал олардың орнына жөке мен арша егілді. Өйткені жөке магистральдік жолдың бойында жақсы өседі және эстетикалық көрініске сән қосады», - деді Дәрменияр Қыдырбекұлы.