Астанада құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды

Астанада құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды
сурет: gov.kz

Осыдан 13 жыл бұрын Астана гарнизонында үш қызметкер қаза болған еді.

Елордалық құтқарушылар дәстүр бойынша қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

17 ақпанда «Құтқарушылар» саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, құтқарушылар қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Осыдан 13 жыл бұрын, 2010 жылдың ақпан айында елордада бұрынғы бомбапана ғимараты өртенген болатын. Үш қызметкер сол өрттен оралмады. Алдымен, бір өрт сөндіруші жоғалып, оны іздеуге кеткен 2 қызметкер де қайтып келмеді.

Валерий Михайлович Зайцев елордада қиын және ауыр өрттерге шыққан. Сол күні полковниктің оқиға орнын жіті қарап, мән-жайды анықтау және әріптесін құтқару үшін өртке өзі шыққан болатын.

 https://almaty-akshamy.kz/uploads/images/2023/02/image_750x_63f0b5764422d.jpg

Құтқарушылар әріптесі Асқар Забикулинді еске алды. 2022 жылдың қараша айында елордада көп қабатты үйдің бірінде өрт болып, адамдарды құтқару кезінде өз өмірін қатерге тіккен өрт сөндіруші ерлікпен қаза тапты. Ол әрқашан өзінің ержүректілігімен, батылдығымен және өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Жұмысқа зор құрметпен және жауапкершілікпен қарады, жоғары дәрежелі маман болды.

 https://almaty-akshamy.kz/uploads/images/2023/02/image_750x_63f0b5fe6bc07.jpg