Астанада құрылыс алаңындағы жарылыстан екі адам зардап шекті

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті екі адамның жарақат алғанын растады
Астанада «Хан шатыр» маңында салынып жатқан тұрғын үйдегі жарылыстан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Құрылыс алаңындағы дүмпулерден екі адамды күйік шалған. 31 және 32 жастағы құрылысшылардың бірінің қолы, екіншісінің беті күйіп қалған. Алайда екеуі де денсаулықтарына шағым жоқ екенін айтып, үйлеріне жіберілді», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.