Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», - дейді елорда сотынан.

Еске сала кетсек, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды.

Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ 6 қаңтар күні қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.