Астанада апат жойылып, үйлерге электр қуаты берілді

Астанада апат жойылып, үйлерге электр қуаты берілді
сурет:ulyanovsk.express

Бүгін Астанада өрт болып, көпқабатты 23 электр қуатсынсыз қалған еді.

Астанада қосалқы стансада болған өрт салдарынан жарықсыз қалған үйлерге электр қуаты қайта берілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Сағат 11.50-де «Заречная» 110/10 кВ қосалқы стансасындағы шектеулер толық алынды. Электр энергиясын беру қалпына келтірілді», - деп хабарлады «Астана-РЭК» кәсіпорнынан.

Еске салсақ, бүгін Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалған еді.

Атап айтсақ, электр энергиясынан А.Байтұрсынұлы, Б.Момышұлы, Керей-Жәнібек хандар, Ә.Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік ел көшелері мен Телман кенті ажыратылды.