Астанада екі жасар қыз терезеден құлап кетті

Астанада екі жасар қыз терезеден құлап кетті
сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Көршілердің арқасында бала аман қалды.

6 мамыр күні Астанада Байтұрсынов көшесі, 27 үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған қыз бала 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде, үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Абырой болғанда, көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып баланы қағып алады. Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.