Астана мен Ташкент бағытына тағы бір ұшақ қатынайды

Астана мен Ташкент бағытына тағы бір ұшақ қатынайды
сурет: ашық дереккөз

2023 жылғы 3 шілдеден бастап аптасына 2 рейс ұшады деп жоспарланған.

Астана мен Ташкенттің арасына тағы бір ұшақ қатынайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

«Мәселен, 2023 жылғы 3 шілдеден бастап «FlyArystan» әуе тасымалдаушысы А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Астана-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады», - деп жазды ведомстводан.