«Астана» мен «Арис» арасындағы матчқа көрермен қатыспайды

«Астана»  мен «Арис» арасындағы матчқа көрермен қатыспайды
Сурет: Spb.dixinews.ru

Көрерменсіз матч өтпек.

«Астана» жанкүйерлері УЕФА Конференция Лигасының елордада өтетін матчына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Елордадағы «Астана» - «Арис» матчы көрерменсіз өтеді.

Бұл туралы елордадағы шектеу және карантиндік шараларды күшейту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.С.Бейсенованың 2021 жылғы 14 шілдеде қабылдаған N23 шешімінде айтылды. Оған сәйкес, көрермендердің бұқаралық спорттық шараларға қатысуына тыйым салынды. Шешім 17 шілдеде күшіне енді.

Аталған себептерге байланысты, 2021 жылы 22 шілдеде өтетін УЕФА Конференция лигасының 2-кезеңіндегі матчқа көрермен кіре алмайды.