Astana Media Week-2021 шарасы елордада өтеді

Astana Media Week-2021 шарасы елордада өтеді
Сурет: Тoppress.kz

Дәстүрлі шара

Беделді әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары топ-менеджерлерінің кезекті кездесуі елордада өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Дәстүрлі Astana Media Week шарасы 27-28 қыркүйекке жоспаланған.

Оған мемлекет қайраткерлері, теле-контенттің ірі дистрибьютор-компанияларының өкілдері, шетелдік журналистер, документалистер мен блогерлер қатысады. Соңғы бес жылда медиа-саммит ең озық идеялар пайда болатын танымал алаңға айналды.

Апталық аясында қатысушылар әлемнің ең өзекті деген мәселелерін талқылап, пандемия жағдайында саланы дамыту туралы әңгімелеседі.

Модераторлар қатарында «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, медиаменеджер Арманжан Байтасов, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина және басқа да сарапшылар бар.

«Astana Media Week аясында «Formats day» атты жабық іс-шара ұйымдастырылып, көрсетіледі. Онда медиаконтент иегерлері Fremantle, Discovery, Universal, Kiss Media және т.б. сияқты әлемдік өндіруші-дистрибьюторлар жабық форматтағы іс-шараға қатысушыларға өздерінің үздік және жаңа жобаларын таныстырады. Сондай-ақ шеберлік сабақтарының ішінде коучинг, шешендік өнер саласындағы көшбасшылардың бірі Радислав Гандапастың сабағы болатынын атап өту керек», - деді ұйымдастырушы Ләззат Аманбекова.