Астана күніне арналған мерекелік шаралар онлайн түрде өтеді

Астана күніне арналған мерекелік шаралар онлайн түрде өтеді
Сурет: Facebook.com

Мерекелік концерттерді телеарналардан тамашалауға болады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Астана күніне арналған мерекелік шаралар онлайн түрде өтеді. Бұл туралы 2 шілде күні «Астана күніне орай Алматыда өткізілетін іс-шаралар» тақырыбына өткен онлайн баспасөз-конференциясы барысында Алматы қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бас санитардың қаулысына сәйкес, іс-шараның барлығы онлайн түрде өтеді. Бұрынғы мамыражай күнге екпе салдыру арқылы тезірек жетеміз деген үміттеміз. Егер сол үмітіміз ақталса, алдағы күз мезгіліндегі Қала күні мерекесін оффлайн түрде өткіземіз деген ойдамыз», – деді Данияр Алиев.

Спикердің айтуынша, алматылықтар мейрамға арналған концерттер мен мерекелік шараларды телеарналар арқылы тамашалай алады.