Астана күнінде қазақстандықтар 4 күн демалады

Астана күнінде қазақстандықтар 4 күн демалады
Сурет: Massaget.kz

Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін 2023 жылға ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды.

 Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдеге, яғни жұма күніне ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осылайша, Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні.