Астана күні мерекеленуде

Астана күні мерекеленуде

Түрксіб ауданында Сауранбаев және Спартак көшелерінің қиылысында Елорда  күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шарада отбасылық ойындар, музыкалық викторина, флешмоб өткізілді. Қала тұрғындары мен қонақтары өз-өнерлерін ортаға салып, кішігірім сыйлықтарға ие болды.

Бойына жақсылық нұрын шашқан Астана әлі де көркейе береді. Жас қала үшін жиырма бес  жыл деген тым аз уақыт, мыңжылдық тарихы бар астаналармен бой таластыратын қазақ елінің Астанасы үшін әлден-ақ мақтануға құқылымыз.