Астанада 4 есірткі зертханасы анықталды

Астанада 4 есірткі зертханасы анықталды
сурет:newtimes.kz

Қазақстанға АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болғандардың ісі әшкереленді.

Жыл басынан бері елорда аумағында 362 есірткі қылмысы тіркелді. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Ғазизов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.  

«Жыл басынан бері 362 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Оның ішінде 68-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа 49 қылмыстық іс жолданды. Оның ішінде аса ауыр – 21, ауыр санаттағы 28 іс бар. Жыл басынан бері Астана қаласының аумағынан шамамен 14 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. 2022 жылы 4 есірткі зертханасы анықталды», - деп тоқталды Рустам Ғазизов.

Қоса кетсек, Қазақстанға АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болғандардың ісі әшкереленді. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.