Астана атауы қайтарыла ма?

Астана атауы қайтарыла ма?
Сурет: About-planet.ru

Тоғжанов елорда атауын өзгертуге қатысты түсініктеме берді.

Вице-премьер елорданың атын ауыстыруға негіз жоқ дейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайтадан Астана деп атауға қатысты пікір білдірді.

«Әзірге мен бұл үшін ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын. Тағы қайталап айтамын, әзірге ешқандай негіз жоқ», - деп қысқа қайырды вице-премьер.

Сондай-ақ ол Астана күнін басқа датаға ауыстыруға қатысты да түсініктеме берді. Айта кетері, қазір қала күні Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.

«Мәселе көтерілген жоқ. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туғанын күнін қалай тойласақ, солай атап өтеміз. Сіздер білесіздер, бізде көптеген іс-шара жоспарланған. Олар 1 шілдеден бастап жоспарлы түрде өтеді. Барлық шаралар Астана күні аясында 1-8 шілде аралығында өткізіледі. Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін мерекелейміз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.