Астана Apple және IKEA-мен келіссөз жүргізуде

Астана Apple және IKEA-мен келіссөз жүргізуде
Сурет: 78.ru

Елшілер үлкен кеңселердің басшыларымен тікелей сөйлеседі.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі американдық Apple корпорациясымен және Швецияның IKEA жиһаз және үй тауарларын сату жөніндегі компаниясымен жүргізіліп жатқан келіссөздер жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Біздің елшілер үлкен кеңселердің басшыларымен тікелей сөйлеседі. Әр брендпен жеке келіссөздер жүргізілуде. Егер Apple туралы айтатын болсақ, бұл компанияға Қазақстанда өндіріс ұсыну, менің ойымша, қисынсыз», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда смартфондар өндірісі бойынша бәсекелестік артықшылықтар жоқ.

«Алматыда Apple-дың сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Apple бізге мұндай деңгейдегі мәселелерді шешу үшін шамамен 3-4 жыл қажет екенін айтты. Бірақ бұл жұмыс басталып кетті», - деп түсіндірді Айдаров.

Сондай-ақ СІМ өкілі жиһаз және үй тауарларын сататын IKEA компаниясының Қазақстанға көшуі туралы мәселеге түсініктеме берді.

«Олар біздің нарықты бірнеше рет қарастырды. Бірақ компания Ресейдегі активтерін тастау тиімді емес деп ойлайды. Бұған дейін IKEA Ресейде көптеген активтерді сатып алған еді», - деп қосты спикер.