Аскөктің пайдасы

Аскөктің пайдасы
Сурет: Ernur.kz

Диетолог өтті айдау үшін аскөк пайдалануды ұсынды

Диетолог Павел Терехов аскөктің көптеген пайдалы тұстарын ашты. Оның айтуынша, әмбебап бұл өсімдік ағзаны қалдықтардан тазалайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі Рен-тв-ға сілтеме жасап.

«Аскөк кулинарияда бәріне таныс. Оның құрамында дәрумендер көп, бета-каротин, фолий қышқылы және басқа да пайдалы заттар бар», - деп еске салды Терехов. 

Сонымен бірге ол аскөктің дәрумендер мен микроэлементтер жетіспеушілігінің орнын толтыратынын айтты. Тереховтың айтуынша, бұл шөп жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы әсер етеді. Ол қан жолдарын кеңейтеді және тамырлы қабырғаны нығайтады, сонымен қатар өт айдап, ішекті босаңсытады.