Асқар Омаров елдегі сөз бостандығына баға берді

Асқар Омаров елдегі сөз бостандығына баға берді
Сурет: KP.Ru

Министрдің пікірінше, Қазақстандағы цензура мен сөз бостандығына байланысты жағдай ушығып тұрған жоқ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстандағы сөз бостандығын бес балдық меже бойынша 4,9 балға бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мен 5 деген баға берер едім, бірақ сіздер сенбейсіздер ғой. Сол себепті 4,9», - деді Омаров.

Оның айтуынша, журналистер спикерлерге қалаған сұрақтарын емін-еркін қоя алады.

«Міне, дәл қазір сіз мына жерде тұрып, менен сұрап жатырсыз. Егер сөз бостандығы болмаса, сіз маған сұрақ қоя алмайтын едіңіз», - деді ведомство басшысы.

Омаров министр қызметіне тағайындалғалы бірде-бір редакцияға материалды алып тастау немесе тақырыбын өзгерту туралы өтінішпен телефон шалмағанын айтты.