Асық ойынынан кубок басталды

Асық ойынынан кубок басталды
Сурет: Іnform.kz

Қарағанды облысына қарасты 8 аудан мен 5 қаладан келген командалар екі күн бойы бақ сынайды.

Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ерлер арасында асық атудан, ал әйелдер арасында бес асықтан облыс кубогі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алғашқы айналымда спортшылар бес метр қашықтықтан асық шиырып, шеңберден шығаруға тырысты. Мергендері облыс құрамасына алынып, алдағы наурызда өтетін республикалық жарыста бағын сынамақшы. Айта кету керек, Қарағанды командасы жуырда Павлодар қаласында өткен Қазақстан кубогінда бас жүлдені жеңіп алып, үш бірдей азамат спорт шебері атанған.

«Бұл іріктеу жарысы болып анықталған. Алла жазса, келесі жылы, 2022 жылы өтетін республикалық жарысқа дайындық. Осы жарыстың қорытындысы бойынша үздік ойыншыларды анықтап, Қарағанды облысының командасын жасақтаймыз»,- деді жарыстың бас төрешісі Амангелді Нұрмұханов.