«Ashyq» жобасының тиімділігі

«Ashyq» жобасының тиімділігі
Сурет: Gov.kz

Бизнесті сақтап қалуда, вирус жұқтырғандарды анықтауда «Ashyq» жобасының тиімділігі мен халыққа тигізер пайдасы мол.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде кәсіпкер Радован Симонович айтты. Оның пікірінше, «Ashyq» жобасы – коронавирустың таралуын болдырмаудың ең жақсы құралы, сонымен қатар көптеген кәсіпкерлерге өз бизнесін сақтауға көмектесетін бірегей жоба. «Қосымшаның көптеген артықшылықтары бар.

Біріншіден, бұл бізге, біздің қызметкерлерге және келушілерге қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Екіншіден, жұмыс істеуге, үшіншіден, эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға, адамдарды іс жүзінде тексеруге және қаулы аясында жұмыс атқаруға мүмкіндік береді», – дейді кафе директоры Радован Симонович.

Қазіргі уақытта кез келген адам вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін. Егер клиентте «қызыл» немесе «сары» статус жанса, ол «күту аймағына» ауыстырылады немесе нысанның ішіне жіберілмейді. «Бастапқыда қонақтар жобаны әртүрлі қабылдады. Жобамен жұмыс барысында біз «сары» мәртебесі бар адамдарды үш рет және бір рет «қызыл» мәртебесі бар адамдарды анықтадық. Мұндай жағдайларда біз оларға қызмет көрсете алмайтынымызды түсіндірдік, өйткені біз бірінші кезекте  көпшілік адамға қызмет көрсету саласына жатамыз. Қосымша бізге өз бизнесімізді сақтауға көмектесті және жұқтырғандарды анықтаудың ең жақсы құралы болып табылады», – деп қосты Р.Симонович.

Алматыда «Ashyq» жобасының 8306 қатысушы бар, ал ерікті қатысушылар – 11812 нысан. «Ashyq» жобасының көшбасшыларының саны – 281.  28 сәуір мен 15 тамыз аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.