Ashyk қосымшасындағы көк түспен кейбір нысандарға кіруге болмайды

Ashyk қосымшасындағы көк түспен кейбір нысандарға кіруге болмайды
Сурет: Inform.kz

«Ashyq» қосымшасының қолданысындағы өзгерістер

«Ashyq» қосымшасындағы мәртебесі «бейтарап» азаматтар демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына, дәмханалар мен мейрамханаларға кіргізілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов тиісті қаулыға қол қойды. Жаңа ережеге сай, "көк" статусы бар азаматтар тек әуежай мен теміржол вокзалына, қонақ үйлерге, жоғары оқу орны мен колледж ғимараттарына, интернат пен жатақханаларға кіре алады. Облысаралық-қалааралық автобустармен және пойызбен қатынауға да құқылы.