«Ашық» тек көк түсті ғана көрсете ме?

«Ашық» тек көк түсті ғана көрсете ме?
Сурет: Gov.kz

Бұл сұраққа Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева жауап берді.

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ashyq жобасының мәселелері» тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ашық» тек көк түсті ғана көрсетеді екен деген қате пікір. Мысалы, Алматының теміржол вокзалдарына бұл жүйенің енгізілгеніне бір аптадан енді ғана асты. Бірақ «қызыл» статустағы әйел адамды анықтап, пойызға мінгізбей алып қалғанын білесіздер. Ол жолаушы алысқа барады екен, жабық пойызда онымен бірге сапарлас болғандардың барлығы ауру жұқтырар еді ғой. Осының өзінен-ақ бұл жүйенің тиімділігін көріп отырсыздар», -деді спикер.