Ашаршылық жайындағы жинақ жұртшылыққа таныстырылды

Ашаршылық жайындағы жинақ жұртшылыққа таныстырылды
Сурет: Аntisovetsky.livejournal.com

Бұл жинақтың алғашқы үш томы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарық көрген еді.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының IV-V томдары көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев мұндай еңбектің Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында басылып шығуының маңызы зор екеніне назар аударды. Ол өз сөзінде егемендік алғалы еліміз тарихымызды тану жолында толайым табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

«Біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихи межесін айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Осы аралықта тарихымызды тану, руханиятымызды дәріптеу және ұлттық құндылықтарымыздың өрісін кеңейту жолында ауқымды жұмыс атқарылды», – деді Сенат Төрағасы.