Арзан әрі тез тіркейсіз

Жылжымайтын мүлікті тіркеу – ең көп тараған қызметтің бірі.

Бұған дейін сатып алынған жылжымайтын мүлік тек нотариус арқылы ғана рәсімделетін. Енді бұдан былай оны нотариуссыз, ХҚКО арқылы арзан әрі жылдам тіркеуге болады. Ол үшін алдымен ХҚКО-ға кезекті онлайн брондайсыз. Бронды растау үшін ХҚКО-ға 20 минут ерте келу керек. Содан кейін ХҚКО операторына мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет: сатып алу – сату келісімшартының 2 данасы; мүліктің техникалық паспорты; мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан); некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі; егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша: сату жөніндегі шешім; сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі қажет.

«Қызмет алушы ХҚКО-ға дайын келісімшартпен келуі қажет. Келісімшартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер және кадастр нөмірі, басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Егер жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚКО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Олай болмаған жағдайда келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚКО-ға өзі келеді.

Тұрғын үй үшін қызмет құны – 1202 теңге. Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді. Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі мен басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – бір жұмыс күні.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *