Art talk: Көкше жерінде суретшілердің халықаралық шарасы басталды

Art talk: Көкше жерінде суретшілердің халықаралық шарасы басталды
Сурет: 24.kz

Көкшенің сұлу табиғатында талайды тамсандырған қылқалам шеберлері бас қосты.

Art talk жобасына 21 шебер қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Олар АҚШ, Корея, Моңғолия, Өзбекстан және еліміздегі бірқатар аймақтан келген. Суретшілер Бурабайдың әрбір тауы мен тасына тамсанып, қиялға ерік беріп, өз тәжірибелерімен бөліспек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы басты мақсат – Қазақстанның ғажап табиғаты мен тамырын тереңнен алатын тарихын паш ету. Айта кеткен жөн, халықаралық шара елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр.

"Жеті күн бойы осы Бурабай курорттық аймағында ең тамаша керемет жерлермен танысады. Локация таңдайды. Жеті күн бойы өзінің Қазақстанға арналған туындыларын салады. Қорытынды көрме 21 маусымда Ұлттық музейдің төрінде ұйымдастырылады", - деді ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Назгүл Қадірімбетова.

"Инсталяция жасау үшін мен түрлі заттарды қолданамын. Мәселен, шынжыр, арқан, жібек және болттан ерекше туынды жасаймын. Мен алты жылдан бері осы салада жүрмін. Жуырда Кореяның дәстүрлі қағазын пайдаланатын болдым. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мұндағы табиғат, мәдениет пен тағамын байланыстыра отыра, инсталяция жасауды жоспарлап отырмын", - дейді суретші-инсталлятор Джу Гён.