«Арселормиттал Теміртау» жұмысын тоқтатуы мүмкін

«Арселормиттал Теміртау» жұмысын тоқтатуы мүмкін
Сурет: 24.kz

Бұл туралы Сенат қабырғасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты.

Кейінгі жылдары кен орнында қайтыс болғандар саны көбейіп барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Сондықтан компания жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда әр министрліктен 70-тен аса маман жұмыс істеп жатыр", - деді министр.

«Оның бір шетін жуырда естисіздер. Қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр осы «АрселоМиттал» компаниясының басшыларына да. Ол компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме? Ондай да сұрақ қойылып отыр», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.