Арнат ЖАМБЫЛ, студент: Әркімнің денсаулығы өз қолында

Арнат ЖАМБЫЛ, студент: Әркімнің денсаулығы өз қолында
almaty-akshamy.kz

Вакцинаның екі компонентін алғалы өзімді жақсы сезінемін. Таңдауым отандық KazVac болды.

Ағайын-туыс, достарым да қабылдап жатыр. Қазір барлығы ашық. Ақпарат жеткілікті. Көптен бері ойлап жүрдім. Нақты шешімге келгелі 2 ай өтті.

Менің ойымша, COVID-19 бетін қайтаратын бірден-бір жол осы. Әркімнің денсаулығы өз қолында. Оған бейжай қарамаған жөн. Короновирустың тоқтауына ықпал етейік.