Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі міндетті маска режимін алып тастады

Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі міндетті маска режимін алып тастады
Сурет: Stopfake.kz

Бірақ бұл режимнің медициналық мекемелерге қатысы жоқ.  

Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты эпидемиялық жағдайдың жақсаруына орай жабық үй-жайларда міндетті маска режиміне қойылатын талапты жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жабық үй-жайларда бетперде киюдің міндетті талабы жойылды, тек медициналық мекемелерге бұл ереженің қатысы жоқ. Қалған барлық жабық үй-жайларда масканы қажетінше әр 3-4 сағат сайын ауыстырып отыру ұсынылады. Өзгеріс ресми жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді», - делінген министрліктің хабарламасында.

Соңғы 14 күнде бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 775 жағдайы тіркелді, бұл ақпан айының басындағы кезеңмен салыстырғанда 69%-ға аз. Соңғы 14 күнде осыған дейінгі 37,9% болған коронавирусты анықтау тестінің оң нәтижесі  18,1% болды.