«Арман қала - Астана»

«Арман қала - Астана» Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен елорданың 25 жылдық мерейтойына орай «Арман қала - Астана» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. 


Концерттік бағдарламаның мақсаты – елдің патриоттық рухын көтеру, айбынынымызды асқақтату.


Мерекені тамашалауға Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, оқушылар, әнші-бишілер және т.б. қатысты.


6 шілде айрықша күн. Тарихи оқиға болған кезең. Қазақ елінің бас қаласының ірге тасы қаланған шақ. Күллі дүниеге дербес елдің айбынын танытқан мерейлі сәт.


«Бүгінгі таңда Астана күніне орайластырып концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Еліміздің бас қаласының туған күнін тойлау үшін әнші, биші, арнайы өнер мамандары шақырылды. Медеу ауданында 17 шара қарастырылған. Шамамен 300 адамға лайықталған концерт өткізілді», - деді Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Айдарбеков.


Концертке қала тұрғындары да қатысып, мерекені тамашалап, өздерінің  көңіл-күйлерімен бөлісті.


«Біз Елордамыздың мерейтойына орай жасалған концертке келдік. Өзіммен бірге немеремді ертіп әкеледім. Әрбір өскелең ұрпақ өз елінің патриоты болғаны абзал. Елімізде тек бейбітшілік пен татулық салтанат құра берсін», - деді қала тұрғыны Қалдыбай Асанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет