Археологтар: көнеде мысық Жанкент аумағында қолға үйретілген

Археологтар: көнеде мысық Жанкент аумағында қолға үйретілген
Сурет: Voxpopuli.kz

Тарихқа толы көне шаһар

Қазақстандық археологтар сенсациялық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Сыр бойындағы көне қала Жанкенттің іргесі VII ғасырда қаланған. Бұған дейін оғыз астанасы IX-XI ғасырда салынған деп келген ақпарат қате болып шықты.

Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің арқасында тарихшылар ежелгі мысық осы тарихи объектінің аумағында алғаш рет қолға үйретілген деген қорытындыға келді.

«Қорқыт ата университетіндегі археолог мамандар қаладан мысықтың қолға үйретілгенін тапты. Яғни мысық қолға иттен бұрын үйретілген. Сондықтан осы мәлімет қаланың жасы ерте, оның үлкен екенін дәлелдеп отыр», - деді Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев.