Арқаны кеңге салуға әлі ерте

Арқаны кеңге салуға әлі ерте
Сурет: Delfi

Себебі, көр­шілес елдерде «стелс-омикрон» штамы тіркеліп жатыр.

«Егемен Қазақстан» басылымына сұхбат берген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Вице-премьердің айтуынша,  қауіп барынша төмендеген. Бүгін­­де осы вируспен ауырудың ең тө­мен­­гі деңгейі сақталып тұр, яғни тәу­лігіне шамамен 20 науқастай ғана анық­талып отыр.

«Індет қарқынының бә­сең­деуіне Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жағдайдың тұрақтанғаны ықпал етіп жатыр. Әрине, біз жаңа «рецидивтерді» жоққа шығармаймыз, жаңа штамдар­дың пайда болуын ескере отырып, ар­қаны кеңге салуға әлі ерте екенін білеміз. Ең бастысы, біз коронавируспен кү­ресуді үйрендік. Бүгінде қалыпты өмір­ге оралудың уақыты келді деп ойлаймын. Адамдардың тыныш өмір сүруіне, толыққанды жұмыс істеуіне, қорықпай қарым-қатынас жасауына мүмкіндік болуы керек. Осындай мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында біз ең маңызды шектеулердің бірін жойдық, көршілес үш елмен: Ресей, Өзбекстан жә­не Қырғызстанмен құрлық шекарасын аш­тық. Көптеген мемлекетпен әуе қаты­на­сы қайта жанданды. 57 ел үшін визасыз режім қалпына келтірілді. Бұл ретте Қазақстанға кірерде ПТР-тесті­леуді мін­детті шарт ретінде қалдырдық. Өйткені бұл – эпидемиялық жағдайды ба­қы­лауға көмектесетін шаралардың бірі. Со­ны­мен қатар ұжымдарда, адамдар көп жи­на­латын жерлерде маска тағу талабын кү­шін­де қалдырдық. Халық, негізінен, осы­ған дағдыланып та қалды. Жапония, Қы­тай, Сингапур сияқты көптеген елде пан­­де­миядан бұрын да маска тағу режімі қа­­лып­ты жағдайға айналған, себебі жұқ­па­лы аурулардың басқа да көптеген түрі бар», - деді Ералы Тоғжанов.